Құрмансай ауылы | #ТазаҚазақстан
“Экспоинжиниринг” ЖШС демеушілігімен ауыл жанындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында тазалау, шекарасын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін полигонға кіріп-шығатын жол да жасалды – енді қоқыс шығару әлдеқайда ыңғайлы.
💬 Құрметті тұрғындар!
Ауыл тазалығы – бәрімізге ортақ іс. Қоқысты арнайы белгіленген орынға шығарып, табиғатқа жанашырлықпен қарайық!
🌿 Таза ауыл – жарқын болашақ!