Қауіпсіздік – басты назарда!
Жылыту маусымының басталуына орай Құрмансай ауылында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғын үйлерге өрт немесе газ тектес заттар туралы хабар беретін арнайы қауіпсіздік құрылғыларын орнатты.
🔸 Іс-шараның негізгі мақсаты — тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
🔸 Тұрмыстық өрттердің алдын алу;
🔸 Улы газбен улану жағдайларын болдырмау.
✅ Орнатылған құрылғылар төтенше жағдай кезінде қауіп туралы ерте ескертіп, адам өмірін сақтауға көмектеседі.
📢 Құрметті Құрмансай ауылдық округінің тұрғындары! Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, жылыту құралдарын дұрыс пайдаланыңыздар және төтенше жағдайлар қызметінің нұсқауларын ескеруді ұмытпаңыздар.