Құрмансай ауылдық округінде кездесу өтті

Құрмансай ауылдық округінде кездесу өтті

Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов Құрмансай ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, Құрмансай, Егізата және Шаңды ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Жиын ашық диалог форматында өтіп, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, соңғы жылдары атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар талқыланды.

Кездесуге аудандық сот төрағасы Саламат Ноғаев қатысып, ауыл тұрғындарына сот медиациясының мүмкіндіктері жайлы түсіндірді. Сондай-ақ, аудан прокуроры Сәнібек Тлеулесов пен аудандық полиция бөлімінің басшысы м.а. Жасұлан Жалғасбаев интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпарат беріп, тұрғындарға арнайы жадынамалар таратты.

✅ Соңғы екі жылда Құрмансай ауылына 8 отбасы көшіп келді. Оның ішінде 3 отбасы өз қаражатына баспана сатып алса, тағы 3 отбасы туыстарының үйлерінде тұрып жатыр. Ал 2 көпбалалы отбасына әкімдік пен жергілікті тұрғындар тарапынан уақытша тұрғын үй ұсынылды.

🏫 Құрмансай жалпы орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобаға облыстық бюджеттен 237 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын «BASPANA BUILD» ЖШС атқарды.

🚜 Жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2025 жылдың мамыр айында Құрмансай мен Шаңды ауылдарының 12 көшесіне (ұзындығы 14 шақырым) 6000 тонна инертті материал төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Бұл іске 10 арнайы техника тартылды.

💡 Инженерлік инфрақұрылым бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды: Құрмансай ауылындағы 70 ескі ағаш бағаналар темірбетон тіректерге ауыстырылып, 5 км электр желілері жаңартылды. Үш ауылдың көше жарықтары жаңартылып, қосымша 31 ЛЭД шам орнатылды.

🌾 Ауыл шаруашылығы саласында да ілгерілеу бар. Құрмансай ауылдық округі бойынша биыл 4849 гектарға жаздық және 930 гектарға күздік дақылдар егілді. Оның ішінде дәнді дақылдардың жалпы көлемі – 5779 гектар.

👉 Кездесу барысында ауыл тұрғындары өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді