Құрмансай ауылында тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетілді
Мәртөк аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері жылжымалы медициналық кешенмен Құрмансай ауылына барып, жергілікті тұрғындарға тегін медициналық тексеру және кеңес беру қызметтерін көрсетті.
Медициналық көмектің басты мақсаты – шалғай елді мекендердегі халықтың денсаулығын сақтау, алдын алу шараларын күшейту және тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету.
👨⚕️Ауылға келген дәрігерлер құрамында келесі мамандар жұмыс істеді:
• Кардиолог
• Жалпы тәжірибелік терапевт
• Ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) маманы
• Лаборант
• Флюорография қызметі
🩺Жалпы 60-қа жуық ауыл тұрғыны тексеруден өтті. Дәрігерлер әр тұрғынның денсаулығына жеке назар аударып, қан қысымы, қандағы қант мөлшері, жүрек ырғағы мен тыныс алу жүйесі секілді негізгі көрсеткіштерді өлшеп, денсаулық жайлы кеңестер берді. УЗИ және флюорография арқылы ішкі ағзалардың жұмысын тексеріп, қажет болған жағдайда қосымша тексерілу немесе емделу туралы нұсқаулықтар берілді.
Ауыл тұрғындары тексеру кезінде өздерін мазалап жүрген сұрақтарға нақты жауап алып, денсаулығына қатысты толыққанды ақпаратқа ие болды. Жылжымалы кешеннің мүмкіндіктері арқасында кейбір тұрғындар аудан орталығына бармай-ақ, қажетті медициналық көмекті орнында ала алды.
Аталған шара – тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, ауыл халқын профилактикалық тексеруден өткізу және түрлі аурулардың ерте алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.