Апаттық жағдайлардың алдын алу жұмыстары жүргізілді
Құрмансай ауылдық округінің аумағында, атап айтқанда Құрмансай, Шаңды және Егізата ауылдарында, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында электр және байланыс желілеріне кедергі келтіретін ағаштар мен бұталарды кесу және қысқарту жұмыстары атқарылды.
🌳 Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жалпы саны 300 -ге жуық ағаш пен шыбықтар кесіліп, ретке келтірілді.
🔌 Бұл шаралар апаттық жағдайлардың алдын алу, инфрақұрылым желілерінің ақаусыз әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
✅ Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты назарда!