📡 Байланыс желісі бойынша жоспардан тыс жөндеу жұмыстары
Мәртөк желілік техникалық цехының қызметкерлері қызмет көрсету сапасын жақсарту және желіні тұрақтандыру мақсатында жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Аталған жөндеу барысында келесі техникалық іс-шаралар орындалды:
🔘Зақымданған байланыс желісінің бағаналарындағы сымдар мен құрылғылар ретке келтірілді;
🔘Артық және бөгде заттар (ескі сымдар, қоқыс, ағаш бұтақтары т.б.) алынып тасталды;
🔘Ұзындығы 90 метрлік зақымдалған байланыс желісі жаңартылып, жаңа кабель тартылды.
Барлық жұмыстар толық көлемде аяқталып, байланыс желісі техникалық талаптар мен қауіпсіздік стандарттарына сай күйге келтірілді.