2025 жылдың 9 сәуір күні ауылдың "Элеватор" жақтың жазғы мал бағымы бойынша жиын өтті. Жиын барысында мал бағудың бағасы мен жайылым орны бекітілді. Сонымен қатар, малды қараусыз темір жолдың бойына жібермеу, екі айлық санитарлық абаттандыру және көгалдандыру, мал ұрлығын алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.