🔹Қаратоғай ауылдық округінің әкімі сайланды

🔹Қаратоғай ауылдық округінің әкімі сайланды

🔹Қаратоғай ауылдық округінің әкімі сайланды

📌 Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 шілдедегі №7 шешіміне сәйкес сайлаушылардың 84,12 пайыз дауысын жинап, Қаратоғай ауылдық округінің әкімі болып Рүстем Қалбайұлы Ерімбетов сайланды.
 
Ерімбетов Рүстем Қалбайұлы 1991 жылы 14 қыркүйекте Ақтөбе облысы Комсомол ауданы (Әйтеке би ауданы) Комсомол (Т.Жүргенов) ауылында дүниеге келген.

Білімі - жоғары.
2013 жылы - Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолы:
2013 жылы Қаратоғай орта мектебінде тарих пәні мұғалімі ретінде бастады. 2013-2019 жылдары аралығында Мәртөк ауданы Қаратоғай орта мектебінде қызмет жасаса, 2019-2021 жылдары Мәртөк аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы қызметін атқарды.

2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мәртөк ауданы Қарашай ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сайлауға Қаратоғай ауылдық округінің 902 сайлаушысының 638-і (70%) қатысты. Ауылдық округ басшысы лауазымына 3 үміткер қатысты.