🔹️Қарашай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

🔹️Қарашай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті
 Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов Қарашай ауылдық округіне барып, Аққайың және Қаратаусай ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, округте өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды. 🛣Аудандық маңызы бар «Қаратаусай-Аққайың» автожолын орташа жөндеу (12 км)770 млн.тг. Жобалық-сметалық құжаттамалар дайын, мемлекеттік сараптамадан өтуде. 🔥«Аққайың ауылына тартылатын және ауылішілік газ құбырын салу» жалпы құны – 372 млн.теңге, ұзындығы – 18,2 км. Мердігер мекемені анықтау бойынша конкурстық рәсімдер өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кездесу барысында аудандық полиция бөлімінің басшысы Нұрлан Мұратұлы тұрғындарға алаяқтық қылмыстардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 📍Сонымен қатар аудан басшысы Қаратаусай ауылының тұрғыны Дмитрий Поповтың балық шаруашылығының жұмысымен танысты. 🐟2021 жылдан бері балық өсірумен айналысады. Сенімгерлік басқаруына алған «Каратау-2» бөгетіне жыл сайын әртүрлі балық түрлерін жібереді.  Үйінде шағын балық өсіру цехы бар, онда 2000 дана радужная форель, 20 дана бекіре, 20 дана кои тұқымдас карп және 300 дана африкалық жайын өсіріледі.  Биыл құнды балық түрлерін – форель, бекіре, карп өсіретін балық шаруашылығын құрып, жылына шамамен 25 тонна өнім өндіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, көкөніс өсіріп, сатуға арналған жылыжайлар орнатуды да қолға алмақ.
6918:21