СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ САҚТАҢЫЗ!
Маусым айынан бастап суға шомылу маусымы басталады. Осы кезеңде оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында Мәртөк ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға келесі қауіпсіздік талаптарын сақтауды қатаң ескертеді:
❗ Тек рұқсат етілген және арнайы жабдықталған орындарда шомылыңыз;
❗ Мас күйде және алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін суға түспеңіз;
❗ Балаларды су айдындарына қараусыз жібермеңіз және қараусыз қалдырмаңыз;
❗ Жүзуді білмесеңіз, суға тереңге бармаңыз;
❗ Қауіпті жерлерде (шұңқыр, ағыс, бөгет, көпір маңы) шомылмаңыз;
❗ Қайықтар мен басқа да су көліктерінен қауіпсіз қашықтықта болыңыз;
❗ Су жағасында ойнау кезінде балалардың қауіпсіздігін бақылаңыз;
❗ Бейтаныс және тексерілмеген жерге секірмеңіз;
❗ Құтқару кеудешелерін және жүзу құралдарын пайдаланыңыз;
❗ Түнгі уақытта және ауа райы қолайсыз кезде суға түспеңіз;
❗ Төтенше жағдай туындаса, бірден 112 нөміріне хабарласыңыз.
⚠️ ЕСКЕРТУ!
Су айдындарында қауіпсіздік талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады:
— жеке тұлғаларға 7 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
👨🚒 Су — қауіпті орта! Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін сақтаңыз!