Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Аққайың ауылында тыл ардагері Камыспаева Сұлупан әженің шаңырағына арнайы барып, мерекелік құрмет көрсетілді.
Кездесу барысында ақ жаулықты анамызға ізгі тілектер айтылып, соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегі мен ел үшін атқарған адал қызметіне шынайы ризашылық білдірілді.
Тылда еңбек еткен жандардың төзімі мен табандылығы – Жеңісті жақындатқан үлкен ерлік. Осындай ардақты жандардың өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді.
Ардагерлерге деген құрмет пен Ұлы Жеңістің рухы халық жүрегінде мәңгі сақталады. 🌺.