Аққайын және Қаратаусай ауылдарында санитарлық екі айлық тазалық жұмыстары және ауыл шаруашылығы малдарын ұйымдасқан түрде жаю мәселелері бойынша тұрғындармен жиын өткізілді.

Кездесу барысында тұрғындарға интернет-алаяқтықтан сақтану шаралары да қосымша түсіндіріліп, жеткізілді.

Бүгінгі таңда Қаратаусай ауылында бір табын ірі қара мал бар, ол ұйымдасқан түрде жайылатын болады. Сонымен қатар жылқылар қарастырылған және тегін негізде бұқа бар. Мал жаюға қажетті барлық жағдайлар жасалған. Ауылдық округ әкімдігі тарапынан жайылымдық жер белгіленді.

Ауылдық округ әкімдігі тұрғындар мен бақташы арасында мал жаюды ұйымдастыру бойынша келісімшарт дайындады.

Мал жаю 2026 жылғы 11 сәуір мен 2026 жылғы 1 қараша аралығында жүргізіледі.

Қаратаусай ауылында бағасы: ірі қара малдың бір басына 3000 теңге.
Аққайын ауылында бағасы: ірі қара малдың бір басына 2500–2800 теңге.

Ауылдық округ бойынша 100-ден астам ірі қара мал бар, оларды ұйымдасқан жайылыммен қамту жоспарланып отыр.