Өңірлік кадр резерві

Өңірлік кадр резерві

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік әкімшілік қызметке орналастыруды оңтайландыру бойынша бірқатар жобалар жүргізілуде. Атап айтқанда, «Президенттік жастар кадр резерві», жоғары оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орташа 3,33 GPA мәнімен бітірген жас мамандарды қолдау бойынша конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындау жобасы, сонымен қатар, биылдан бастап өңірлік кадрлық резервке іріктеу жобасы ұйымдастырылуда.

Жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту мақсатында өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу жұмыстары басталады. Ақтөбе облысының Кадр комиссиясы жүзеге асыратын жобаның іріктеуіне құжаттарды тапсыру кезеңі биылғы жылдың 1 наурызы мен 31 наурызы аралығын қамтиды. Тіркелу кезінде кандидаттар бір салалық бағытты таңдау арқылы құжаттарын onir.pkrezerv.gov.kz жоба сайтында тапсыра алады немесе қағаз түрінде, сондай-ақ электронды поштамен жолдауына болады. Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Өңірлік кадр резерві «Индустрия және өнеркәсіп», «Экономика және қаржы», «Әлеуметтік сала», «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылым», «Агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары», «Цифрландыру» сияқты 6 салалық бағыттан тұрады.

Резервке іріктеу 5 кезеңнен тұрады:

1) Құжаттарды қабылдау кезеңі;

2) Заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу кезеңі;

3) Құзыреттерді бағалау кезеңі;

4) Комиссиядағы құрылымдық сұхбат кезеңі;

5) Комиссия отырысы (резервке тіркеу)

Өңірлік резервке қабылданған адамдар резервте 2 жыл тұрады. Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналаса алады.

Құрметті аудан жастары, егер Сіз жоғарыдағы талаптарға сәйкес келетін болсаңыз, аталған жобаға үміткер ретінде қатысуға шақырамыз.

Өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу бойынша Сізді қызықтыратын сұрақтар болған жағдайда 8(7132) 54-05-65 телефонына хабарласа аласыздар.