Қазақстанда зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету кабинеттері ашылады

Қазақстанда зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету кабинеттері ашылады

Бұл бастама Мемлекет басшысы 2025 жылғы 30 желтоқсанда қол қойған "құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген. Норма 2026 жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ҚР Білім министрлігі.

Бүкіл ел бойынша зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсететін арнайы кабинеттер ашылады. Оларда кәмелетке толмағандарға "бір терезе"қағидаты бойынша кешенді қолдау көрсетілетін болады.

Балаға қолайлы жағдайларда бір жерде алғашқы психологиялық көмектен бастап сот — медициналық сараптамадан өтуге және бейінді мамандардың қатысуымен сауалнама жүргізуге дейінгі барлық қажетті қызметтер көрсетілетін болады. Бұл көптеген ұйымдарға бару қажеттілігін болдырмайды және қайта психологиялық жарақаттанудың алдын алады.

Таяу уақытта кабинеттер жұмысының қағидалары бекітілетін болады, содан кейін оларды өңірлерде кезең-кезеңімен ашу жоспарланады.

Бұдан басқа, заң шеңберінде зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллингке ұшыраған не осындай фактілердің куәгері болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидалары әзірленді. Құжат мұндай балаларды анықтау тәртібін, оларға көмек көрсету тетіктерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының, "111" байланыс орталығының, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің және өңірлік уәкілдердің өзара іс-қимыл алгоритмдерін айқындайды. Бұл жедел ведомствоаралық ден қоюды және балаларға уақтылы кешенді көмек көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.