
⚜️Хазірет ауылдық округінде Мәртөк газ мекемесінің өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында тұрғындардың газбен қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, алдағы жоспарлар мен жобалар туралы ақпарат берілді.Сонымен қатар, газ желілерін жаңарту және кеңейту жобалары туралы ақпарат беріліп, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстардың жоспары таныстырылды. Тұрғындар өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.