
10 сәуір күні Байторысай ауылдық округіне қарасты Дмитриевка ауылында санитарлық тазалық, абаттандыру және жеке сектордағы мал жаюды ұйымдастыру мәселелеріне арналған азаматтар жиналысы өтті.
Іс-шараға ауылдық әкімі А.А.Әжниязова және учаскелік полиция инспекторы Ю.Б.Постовой қатысып, тұрғындарға малды бақылаусыз жаюға жол бермеу және белгіленген ережелерді сақтау қажеттігін түсіндірді.
Сонымен қатар, алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізіліп, тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратылып, қауіпсіздік шаралары еске салынды.