📌"- Газбен жабдықтауға қалай қосылуға болады?" Қазақстан бойынша газдандыру процесі жеңілдетілді: eGov.kz арқылы онлайн өтінімдер

📌"- Газбен жабдықтауға қалай қосылуға болады?" Қазақстан бойынша газдандыру процесі жеңілдетілді: eGov.kz арқылы онлайн өтінімдер

2023 жылдың қазан айының басынан бастап Қазақстан азаматтары өздерінің тұрғын үйлері мен объектілерін газдандыру үшін техникалық шарттарды eGov.kz порталынан онлайн ала бастады. EGov.kz порталындағы осы жаңа қызметтің іске қосылуы үшін ҚР Энергетика министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп жұмыс істеді.

Қысқа уақыт ішінде 300-ден астам азамат eGov.kz порталы арқылы техникалық шарттарды алуға өтінім берді. Барлық берілген өтінімдер «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалдарының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі операциялық қызметтерінде тіркеледі және өңделеді. Бүгінгі таңда өтінімдердің көбі Қостанай, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының тұрғындарынан келіп түсті.

Айта кетейік, жеке тұлғалар электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, eGov.kz порталы арқылы газдандыруға қажетті техникалық шарттарды алуға, өз үйлерінен шықпай-ақ, өтінім бере алады. Техникалық шарттарды беруді қарастыру мен беру процесіне техникалық күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні және техникалық күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні кетеді.

EGov.kz порталында объектілерді және тұрғын үйлерді газдандыруға техникалық шарттарды алу үшін азаматтар бар болғаны бірнеше қарапайым әрекеттерді жасауы керек:

  1. kz порталында жеке тіркеуден өту;
  2. Байланыс телефонын және электронды почтаны көрсету;
  3. Тұрғылықты мекенжайды таңдау;
  4. Газдандыру объектісінің мекенжайын таңдау;
  5. Техпаспорттың скан көшірмесін қоса тіркеу;
  6. Газдандыру объектісі бойынша деректерді көрсету;
  7. ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою;
  8. Техникалық шарттардың берілетіні немесе берілмейтіні туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жауабын күту.

Газдандыру қалалар мен шалғайдағы кенттердің дамуына оң әсер етеді, өндірістік және әлеуметтік саланы одан әрі дамыту үшін мүмкіндік береді.