
🔥Қоқысты жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау.
Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес қоқысты ашық аумақта желсіз ауа райында кез келген
ғимараттардан, құрылыстардан және сақталған материалдардан кемінде 50 метр қашықтықта алғашкы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіштер, су) болған кезде ғана жағуға жол беріледі.
🔥Қоқыс жағылатын алаң құрғақ шөптер мен жапырақтардан тазартылуы тиіс. Қоқысты жағу тұрақты бақылаумен, тек күндізгі уақытта жүргізілуі тиіс. Қоқысты өртегеннен кейін отты мұқият сумен толтыру керек. Сөндірілмеген отты қараусыз
калдыруға тыйым салынады.
🔥Көптеген азаматтар үшін аулада жиналған қоқысты полигонға шығарғаннан гөрі өртеу оңайырақ.
Алайда, қоқысты жағу кезінде абайсыздық пен
немқұрайлылық өртке әкеліп, қалпына келтірілмейтін зақым келтіруі мүмкін.
🔥Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қоймаға жинау және жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасынын
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің
336 бабына сәйкес қалдықтарды жинап қою немесе
жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау -жеке
тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - елу,
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
🔥Айыппұлдар:
👨🏻🚒Жеке тұлғалар үшін 20 АЕК немесе 78 640 теңге;
👨🏻🚒Лауазымды тұлғалар үшін 50 АЕК немесе 196 600
теңге;
👨🏻🚒Шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар
үшін 200 АЕК немесе 786 400 теңге;
👨🏻🚒Орта бизнес үшін 300 АЕК немесе 1 179 600 теңге;
Байнассай ауылдық округі әкімдігі ауыл тұрғындары мен
қонақтарын өрт қауіпті кезеңде
өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады.