«2024 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы және 2025 жылға міндеттері»

«2024 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы және 2025 жылға міндеттері»

Байнассай ауылдық округінің әкімі К.З.Ағайдарованың «2024 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы және 2025 жылға міндеттері»

           Байнассай ауылдық округі Мәртөк ауданының оңтүстік – батысында орналасқан. Территориясы – 63 348 га.  Халық саны: 01.01.2024 жылы –  565 адам.   Аула  саны – 184.

          Байнассай ауылдық округі аймағында – 2 елді мекен орналасқан, оның  ішінде: Байнассай ауылының халық саны – 431, аула саны - 134. Ақмоласай ауылының халық саны - 134, аула саны – 50. Оның ішінде белсенді халық - 349 адам, зейнеткерлер саны - 64, өзін – өзі жұмыспен қамтығандар - 138,  жастар -95, жұмыссыздар саны - 26 құрады.

         Ауыл шаруашылығы. Байнассай ауылдық округінде 2 /екі/ жауапкершілігі шектеулі  серіптестігі  және  44 шаруашылық  қожалықтары 12 шағын бизнес субъектілері тіркелген.  

Округ аумағында егін егуге - 27 869 га, жайылым – 33 688 га, шабындық – 840,6 га жерлері бар.    

2024 жылы Байнассай ауылдық округінің "Жақсы", "Рус",  "Заря-1",  "Бақыт" шаруа қожалықтары 147 мың га  егістік жерлерді пйдаланып екті. Оның ішінде: дәнді дақылдар 92,4 мың га, күздік дақылдар 8,6 мың га, майлы дақылдар 15 мың га, мал азығы 29,7 мың га, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 1,3 га.

           Мал басы: округ бойынша 2024 жылы 01 шілдеге ірі қара малдың саны – 2770 бас,  қой/ешкі - 4902 бас, жылқы –  426 бас, құс –3441  тіркелді. (мәлімет үшін 2023 жылы 01 шілдеге  ірі қара малдың саны - 3182 бас, қой /ешкі -6265 бас, жылқы –  256 бас,  құс – 3859 бас тіркелген).  2024 жылы ветеринариялық профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Мал басын сәйкестендіру бойынша 2024 жылы жоспар бойынша ІҚМ -800  бас, қой/ ешкілер  -2000  бас, жылқы - 30 бас болатын, орындалуы ІҚМ - 605 бас, қой/ешкілер – 552 бас, жылқы – 28 басқа сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді.

           Мемлекеттік бағдарламалар бойынша шаруа қожалықтарына және  ауыл  тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.

          Жұмыспен қамту. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған іс шаралар «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» бағдарламасы бойынша:  Әлеуметтік   жұмыс орындарға 1 (бір) адам,  қысқа мерзімді курстарыға оқыту 3(үш) адам, күміс жасына 10 (он) адам, жастар практикасына (4 төрт) адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға 22 (жиырма екі)  адам, жаңа жұмыс орындарын құру 46 (қырық алты) адам жұмысқа қабылданды. Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек алу бойынша I жартыжылдықта 1 отбасы В.В.Ботноренкоға тағайындалып, төленді. II жартыжылдықта әлеуметтік көмек 1 отбасы З.Д.Курбанайсоваға төленді.

Бюджет.2024 жылға  ауылдық округ бюджеті 44 млн 649 мың 900  теңге.

Анықтама: әкімшілік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 31млн 643 мың 8 тг, елді-мекендердегі көшелерді жарықтандыру - 2 млн 354,0 тг, елді-мекендердегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету -1 млн 330,0 тг, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру- 5 млн 339 мың,1тг.,көлік және коммуникация-2 млн 777,0 тг.  

 

         «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру»- 356 000 теңге.

Байнассай ауылдық округінің ауылішілік Ы.Алтынсарин, Орталық, Бейбітшілік, Мұқағали Мақатаев көшелеріне құм төсеу жұмыстарын және тегістеу жұмыстарын ЖК «Аружан» орындады. Қаражат 593 мың теңге игерілді.

         Байнассай ауылына балалар ойын алаңына, балаларға арналған ойын жабдықтарын орнату бойынша -3 000000  теңге қаражат бөлініп, Жеке кәсіпкер «TechnoComKazakhstan» алып келіп орнатты. Қаражат толық игерілді.

        Саябақты абаттандыру бойынша Жеке кәсіпкер «Аружан» 2 млн 200 теңге қаражатқа Байнассай ауылына брусчатка, бордюр  паркке орнатты. Қаражат толық игерілді.

         Ақмоласай және Байнассай (Горноводск) ауылдарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын орналастыру бойынша «DOS-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобаны дайындады. Құжаттарын дайындауға 376 мың теңге төленді. Заңдастыру жұмыстары 2025 жылдың 1 жарты жылдығында орындалады.

        Қысқы  ауылішілік жолдарды қардан тазарту жұмыстарын «КелешекХол» ЖШС- 2024 жылы қараша, желтоқсан айларында баға сұранысы (запросом ценовых) жұмыстарын жүргізді. 1млн 600 мың теңге төленді.  Қаражат игерілді.

Салық бойынша:

Салық түсімінің түрі

2024 жылға жоспар

2024 жылы түскен  салық көлемі

2024 жылға  жоспардың  орындалуы

1

Жеке  тұлғалардың  көлік салығы

930,0

1 359,3

146,2 %

2

Жер салығы - 101202

240,0

557,1

232,1%

3

Мүлік салығы -104302

70 ,0

66,7

95,3%

4

Табыс салығы

1 750,0

1760,5

100,5%

         Денсаулық сақтау. Округте медициналық көмек жасайты 2 – медпункт бар. Ағымдағы  жылы  барлық дәрігерлік профилактикалық іс-шаралар  дер  кезінде еңсерілді, 2024 жыл бала туу көрсеткіші  1 сәби, қайтыс болғандар саны 3 адамды құрады. Байнассай медициналық пункті автокөлікпен қамтамасыз етілген.

Білім  беру. Округ бойынша 1 мектеп  жұмыс жасайды.  Байнассай жалпы білім беретін негізгі  мектебі, Мектепте  ыстық  тамақпен 24 бала қамтылған. Оның ішінде аз қамтылған балдар саны 12. 1- 4 сынып оқушылар саны 20.

Мәдениет саласы. Округте 1 /бір/ клуб, 2 /екі/ кітапхана жұмыс  жасайды. Байнассай ауылдық кітапханасында 7148 кітап, Ақмоласай ауылдық кітапханасында 6500 кітап қоры сақталған.

«Туған жерге тағзым». Акция аясында 2024 жылы  жалпы сомасы 3 870 000 теңгеге демеушілік көмек көрсетілді.

Соның ішінде бұл қаражатқа Байнассай, Ақмоласай ауылдарында мерекелік іс-шаралар, сондай-ақ қайырымдылық көмектер көрсетілді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы.

          Жыл басынан бері "Ауыл аманаты"бағдарламасы бойынша 5 жобаға құжаттар тапсырылды.  Соның ішінде: сенімсіз несие тарихына байланысты 2 жобадан бас тартылды. 3 жобаның 1 жобасы мал шаруашылығына, 2 жоба тары және көкөністер мен қарбыздарды өсіруге мақұлданып, орындалды.

Тұрғындар арасында "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

          Мемлекеттік қызмет. Байнассай ауылдық округі әкімінің  аппаратында Қазақстан  Республикасының  заңнамаларына сәйкес, Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексті орындау барысында  «Е-Өтінішке» Жеке және заңды тұлғалардан  2024 жылы барлығы 19 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 1 өтініш, заңды тұлға тарапынан өтінішін қараусыз қалдыруды өтінген өтінішіне байланысты қараусыз қайтарылды. 14 өтініш жер сұрақтары бойынша, әр түрлі сұрақ бойынша 4 өтініш тіркеліп, заңға сәйкес өтініштер қаралып, уақытылы жауап берілді. Мемлекеттік  қызмет көрсету бойынша Өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін қосымша жер учаскесін алу бойынша 13 өтініш тіркелді. Аудандық жер комиссиясына уақтылы жолданып, қаралып, шешім уақтылы қабылданды.

2024 жылы Нотариалдық іс-әрекеттер бойынша-14 сенімхат куәландырылды. Нормативтік құқықтық актілер бойынша, Байнассай ауылдық округі әкімімен  101 өкім, 20 шешім қабылданды.  

Құқық бұзушылық. 2024 жылы Байнассай  ауылдық округі бойынша 2 мал ұрлығы, 1 зат ұрлау тіркелді. Ауыл тұрғындарына мал ұрлығын алдын алу және санитариялық тазалық жұмыстары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Қоғамдық тәртіп, құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша округімізде қылмыспен күресуге және қылмысты алдын алу үшін іс-шаралар жүргізіліп тұрады.

 

2025 жылға қойылған міндеттер:

 

  1. Ақмоласай ауылында мобильді байланыс желісін орнату;
  2. Байнассай (13 жылдық Қазақстан) ауылының көшелерін жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру;
  3. Байнассай ауылдық округінің Байнассай ауыл ішіндегі  талдарды қалпына келтіріп, ағаштарды кесу (обрезка деревьев) жұмыстарын жүргізу;
  4. Елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  5. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  6. Қосымша бюджетке кіріс көздерін табу, бюджет қаржысын үнемдеу;
  7. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жұмыстарды жандандыру;
  8. Байнассай және Ақмоласай ауылында газ құбырын тарту;

Шағын және орта бизнесті дамыту.