Байнасай ауылдық округінде Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Округтің кішкентай тұрғындары үшін ойындар, байқаулар, спорттық жарыстар мен шығармашылық өнер көрсетулерден тұратын қызықты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шаттыққа бөлеп, жарқын әсер қалдырды.
Іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткен демеушілер Мезенец Галина мен Жубарнышева Гульнарға ұйымдастырушылар ерекше алғыстарын білдіреді. Олардың көмегімен балаларға сыйлықтар әзірленіп, мерекенің жоғары деңгейде өтуіне мүмкіндік жасалды. Демеушілердің қолдауы балаларға қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды.
Осындай іс-шаралар балалар арасындағы достықты нығайтып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және бақытты балалық шақтың қалыптасуына ықпал етеді.