📍Енді Мәртөк ауданының Байнассай және Ақмоласай ауылдарына көгілдір отын берілді. Байнассай ауылында – 415 адам, Ақмоласай ауылында – 179 адам тұрады.
Екі ауыл да орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, енді тұрғындар табиғи газды да пайдалана бастады. Аталған жоба «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Ақмоласай, Байнассай ауылында тартылатын және ауылішілік газ құбырын салу» аясында жүзеге асырылды.
Мердігер – «Ерзат» ӨК, құбырдың ұзындығы – 53,9 км. 2025 жылдың соңына дейін аудан бойынша 32 елді мекеннің 23-і (71,9%) газдандырылып, 27 843 адам немесе 94% тұрғын табиғи газбен қамтылатын болады.
Бұл ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға ықпал етпек.