🔹Тазалыққа тұрғындар да жауапты

🔹Тазалыққа тұрғындар да жауапты

📌Бүгін аудан әкімі М. Ысқақов аппараттық мәжілісте көтерілген мәселелер бойынша бірқатар маңызды тапсырмалар берді:

1. Интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдап, түсіндіру жұмыстарын жандандыру.
2. Жүк көліктері мен ауыр техникалардың ауылішілік жолдармен жүруіне тыйым салу үшін тиісті жұмыстарды атқару.
3. Әскерге шақыру науқаны аясында жүйелі жұмыс жүргізу және 11 ауылдық округ мамандарына сөгіс жариялау.
4. Бюджеттік қаржыны уақытылы игеру және жасалған жұмыс сапасына мән беру.
5. Өздерінің ғимараттары мен оған тиесілі аумақтарында тазалық жұмыстарын жасамаған мекемелер мен жеке нысан иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту.

Аудан әкімі ауыл тазалығына әкімшілікпен бірге әрбір тұрғынның жауапты екенін ерекше атап өтті. Тазалық – баршаға ортақ іс!

Әрбір азаматтың белсенді қатысуы мен жауапкершілігі маңызды!