Сход населения села Жанажол

Сход населения села Жанажол

Жаңажол ауылының тұрғындарымен малды жайылымға шығару мәселесіне арналған жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында малды ұйымдасқан түрде жайылымға шығару тәртібі, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, сондай-ақ мал бағу кезіндегі қауіпсіздік шаралары кеңінен талқыланды.
Ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар ұсыныстар мен пікірлер білдіріліп, оларды ескере отырып тиісті шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеліп, белгіленген талаптарды сақтау қажеттігі атап өтілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша малды жайылымға шығару жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру және бақылауды күшейту жөнінде келісімге қол жеткізілді.