
1 наурыз – еліміз үшін ерекше мағынасы бар мереке – Алғыс айту күні. Бұл күн – бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп, сыйластық пен татулықты нығайтатын маңызды сәт. Аталған мереке Қазақстан халқының бірлігі мен достығын айшықтайды. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Осындай бейбіт өмір мен келісім үшін біз ең алдымен бір-бірімізге, ата-аналарымызға, ұстаздарымызға және достарымызға алғыс айтамыз.
Осы мереке қарсаңында ауылымызға еңбегі сіңген Масакпаева Нурсулу Рамазановнаны, Кун Ольга Владимировнаны, Вышебаба Вера Сергеевнаны тұрғындарды мерекемен құттықтадым. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, алдағы жоспарлар мен өзекті мәселелер талқыланды. Тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін ашық айтып, мазмұнды сұхбат өрбіді.
Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынды.