
Аққұдық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті
Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов Аққұдық ауылдық округіне қарасты Первомайка, Достық, Жаңажол, Аққұдық және Қарабұлақ ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында 2025 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, 2026 жылға арналған басым бағыттар талқыланды. Тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір ұсыныс пен өзекті мәселе хаттамаға енгізіліп, оларды кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылды. 📝
🏗️ Атқарылған жұмыстар мен жоспарлар:
* Жол жөндеу: Аққұдық ауылындағы Есет батыр, Қонаев, Б.Момышұлы көшелерін орташа жөндеуге (2,9 шақырым) ЖСҚ дайын. Жоба құны – 202,0 млн. теңге.
* Білім беру: Достық ауылында 60 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды. Нысан 2026 жылы толық пайдалануға беріледі. (Жалпы құны – 826 млн. тг).
* Тұрғын үй: Вознесеновка ауылынан – 4 пәтер, Достық ауылынан – 2 пәтер сатып алынды. Бұл үйлер кезекте тұрған азаматтарға табысталады. 🏠
* Инфрақұрылым: Қарабұлақ ауылындағы әскери өткізу пунктіне электр желісі тартылды.
* Цифрландыру: Жаңажол, Қарабұлақ және Первомайка ауылдары KazSat спутниктік қоғамдық Wi-Fi желісіне қосылды. 🌐
🛡️ Жиынға аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Омарғалиев қатысып, қазіргі таңда белең алған интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
#Мәртөк #Аққұдық #ХалықпенКездесу #АуылДамуы #МәртөкАуданы Әкімдік Жаңалықтар Инфрақұрылым