«Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ-нің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына ішкі конкурс арқылы қатысушыны іріктеу бойынша конкурстық комиссияның ұсынысымен және Мәртөк ауданы әкімінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі №569 өкімімен Ербазиев Айбат Түгелбайұлы Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Айбат Түгелбайұлы - 1994 жылғы 4 наурызда дүниеге келген, Ойыл ауданының тумасы.
Білімі жоғары, «Мұнай - газ ісі» және «Экономика» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2017 жылы «Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты» ММ инспекторы болып бастаған. Әр жылдары түрлі мемлекеттік қызмет атқарып келеді: «Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық, қаржы-шаруашылық жұмысы бөлімшесінің жетекші маманы, «Батыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаменті» РММ мемлекеттік теңгерім және геологиялық қорлар бөлімінің бас маманы, «Ойыл аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы, «Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы, «Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ сектор меңгерушісі, «Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы,«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ экономикалық талдау бөлімінің басшысы, «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ экономикалық талдау және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бөлімінің басшысы, «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының орынбасары, «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының орынбасары.
2024 жылдың 18 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.