Жер комиссиясының бесінші отырысы өтті

Жер комиссиясының бесінші отырысы өтті

Жер комиссиясының бесінші отырысы өтті

Комиссия АӨК саласын дамытуға оң ықпал ететін бірқатар маңызды шешімдер қабылдады. Оның ішінде:

- қазақстандықтарға ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту үшін негізгі шешім болып табылатын жаңа мерзімге жалға беруді ұзартудың басым құқығымен ауыл шаруашылығы жерлерін 49 жылға дейін ұзақ мерзімді жалға алу мүмкіндігін беру;

- барлық қазақстандықтар үшін ұзақ мерзімді жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жер кадастры деректеріне қолжетімділік жасау;

- жер қатынастарын цифрландыру мәселелері жөніндегі заң жобасы қабылданғаннан кейін 2023 жылдан бастап әкімдіктер жанындағы жер комиссияларын тарату;

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қосалқы жалға беруге тыйым салу бойынша;

- қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті мөлшерлерін бекіту туралы Үкімет қаулысын қабылдау бойынша;

- жайылымдық жерлердің жүктемесі туралы өзекті деректерді алу үшін космомониторинг сервисінің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясын қамтамасыз ету бойынша;

- жергілікті халыққа орман қоры жерлерін 10 жыл және одан да көп уақыт мал жаю және жем-шөп дайындау үшін пайдалану мүмкіндігін беру, сондай-ақ ауылдық елді мекеннің айналасындағы радиусты халық үшін қоғамдық жайылымдарға енгізу мәселелері бар.

Бұдан бөлек, қазақстандықтар үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беру туралы мәселені шешуді қосымша 5 жылға кейінге қалдыру ұсынылды.