Қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша екі айлық жұмыстар басталды

Қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша екі айлық жұмыстар басталды

Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары!

8 сәуірден бастап қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша екі айлық жұмыстар басталды. Екі айлық тазалау жұмыстары кезеңінде жеке тұлғалар, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер аумақты жинау, санитарлық күтіп ұстау, үйлердің ғимараттардың және павильондардың қасбеттерін тиісті түрге келтіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруы қажет.

Үйінді жасауға, қоқысты жерге көмуге, іргелес аумақтарға қоқыстарды жинауға және контейнерлік алаңдардың аумақтарын ластауға жол берілмейді. Екі айлық тазалау жұмыстары кезеңінде қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтарды полигонға қабылдау тегін жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Барлық тұрғындарды  белсенділік танытып, қаланың тазалығы мен абаттандырылуына өз үлесін қосуға шақырамыз. Таза қала өзімізден басталатынын ұмытпайық!