Жер мәселесі бойынша қашықтықтан кеңес өткізілді

Жер мәселесі бойынша қашықтықтан кеңес өткізілді

Қазіргі таңда аудандардағы ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы беру кезінде жер бөлімдерінің жұмысында кемшіліктер жиілеп кетті. Оның салдары қызметшілердің тәртіптік жазамен жұмыстан кетуіне әкеліп соғып отыр.

Осы жағдайды ескеріп, Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы жер мәселесі бойынша аудандармен қашықтықтан кеңес өткізу барысында осы мәселені көтеру ұсынған болатын. Сол кеңес Ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті өкілдерін қатыстырып бүгінгі күні қашықтықтан Zoom байланысы арқылы өтті. Кеңесте басқарма өз тарапынан ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану  құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібін түсіндірді.