Елордада Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

Елордада Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

Комиссия отырысы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өтіп жатыр

Жер реформасы жөніндегі комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексі жобасының нормаларын талқылап, ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды.

Комиссия төрағасы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, төрағаның орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, комиссия хатшысы – ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов.

Комиссия құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің агроөнеркәсіп кешені мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, фермерлер, салалық бірлестіктер мен фермерлер одағының, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, журналистер мен блогерлер бар.