Жерге қатысты заң бұзушылық

Жерге қатысты заң бұзушылық

                                                              Жерге қатысты заң бұзушылық

      «Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы» ММ-сі, Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы №02-1/1776 шара қолдану туралы жазған хаты бойынша Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 65 бабының 1 тармағының, 1 тармақшалары, 4 тармағына және де осы кодекстің 93 бабының талаптары бойынша, «Парижская коммуна-XХI» ЖШС–ің Алға ауданы Бестамақ ауылдық округі аумағындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша падаланылуына 2020 жылдың 8-21 желтоқсаны аралығында жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде жер заңнамасының бұзылғандығы бойынша «Парижская коммуна-ХХI» ЖШС-не Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 65 бабының 1 тармағының 1 тармақшасы, 4 тармағы және де Осы кодекстің 93 бабының талаптарын бұзуларына жол беруі себепті, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 339 бабының 1 тармағының  1 тармақшасы бойынша 4 әкімшілік ісі қозғалып, жалпы сомасы 222240 теңге айыппұл салынды. Яғни «Парижская коммуна-ХХI» ЖШС-пен жалпы көлемі 54,2030 га жер учаскесінің нысаналы мақсатыны сай пайдаланылмай отырғандығы туралы заң бұзушылықты 3 ай мерзімі ішінде жою үшін Басқарма тарапынан 2020 жылы 20 желтоқсанында №203-Э санды нұсқама берілді.