2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы

2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы

2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы

         Басқарма бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жердің пайдалануы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау барысында нақты шаралар алуда.

       2020 жылдың 9 айында Басқармамен 139 тексеріс, жалпы алаңы – 94 га жерде жүргізілген, оның ішінде бақылау тексеріс – 72, алаңы – 78,4969 га.

       Тексеру нәтижесінде 14 га алаңда ҚР Жер заңнамасын 36 бұзушылық анықталды, 29 бұзушыға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды.

       28 бұзушыға қатысты жалпы соммасы 2403,853 мың теңге айыппұлдар түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.

    Коммерциялқ нысандар құрылысына берілген жерлер бойынша 2020 жылдың 9 айында Басқарма аудандар мен Ақтөбе қаласының аумағында орналасқан 10,38 га алаңдағы 10 жер пайдалану субъектісі тексеріліп жалпы алаңы 10,38 га жерде 10 бұзушылық анықталып, жерлерді ұзақ уақыт бойы пайдаланбағаны үшін 10 бұзушыға ҚР Жер кодексінің 92, 94 баптарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою және 1 жыл ішінде жерді өз мақсатында пайдалану қажеттігі туралы нұсқамалар берілді, ауыртпалықтар салынды.

    Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 жарлығына сәйкес, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде  микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізу тоқтатылды.

       Коммерциялық мақсаттағы 2019 жылғы берілген 218 нұсқамаларға сәйкес бақылау мерзімі келген 62 субъектіге, 70,1334 га алаңда бақылау тексеру жүргізілді. Соның ішінде тексеру нәтижесінде облыс бойынша коммерциялық мақсаттағы 22 жер учаскесі, алаңы – 19,47 га жер өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарылды. 31 субъектіде, 10,5 алаңда бұзушылық жойылған. 9 субъектіде алаңы 40,148 га бұзушылық жойылмағандықтан, іс-материалдары әкімшілік сотқа жіберілген. Оларға нұсқаманы орындамауына байланысты  ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462 бабына сәйкес 451,573 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Соның ішінде 1 жер учаскесі, 2 га алаңда сот тәртібімен мемлекет меншігіне қайтарылды.

      Сонымен қатар жерлерді өз бетінше басып алуды болдырмау және анықтауға бағытталған мемлекеттік бақылау барысында Бақарма 2020 жылдың 9 айында 19 бұзушылықты 3,553 га алаңда анықтады, салынған айыппұл сомасы 2204,988 мың теңгені  құрады.

      Жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар тарапынан бұзушылықтар негізінде салынған қоршаулары жер учаскесінен тысқары шығып кетіп, мемлекет меншігіндегі жерлерді басып алу, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан мемлекет меншігіндегі жерлерді өз бетінше иелену жалға алу шартының мерзімін ұзартпағаннан болады.