Құрметті аудан тұрғындары, қадірлі жерлестер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1 мамыр біздің бірлігімізді айқындайтын, Қазақстан халқын ортақ іске жұмылдыратын, асқақ арман мұраттарға бастайтын мерейлі мереке. Байыппен қарасақ, бұл достық пен бірлік мерекесі, береке бастауы. Еліміздегі тұрақтылық пен тыныштықтың, мамыражай тірліктің сақталуы қазақ халқының мейрімділігі мен бауырмалдығының, сондай-ақ, Қазақстанды мекендеген халықтардың достық қарым-қатынасының жемісі екені белгілі.
Еліміздегі бейбіт еңбекті, тыныштық пен тұрақтылықты бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету - әрбіріміздің міндетіміз болып табылады.
Тәуелсіздік жылдары бағындырған биіктерімізде, асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлт өкілдерінің еншісі бар.
Құт қонған, киелі Қобда өңірі қай кезде де бірлік пен тұтастықтың ұясындай болған, қажырлы еңбегімен туған жерді түлеткен ерлердің мекені.
Қобдалықтардың ел бірлігі мен ұрпақ саулығы, ұлт амандығы жолында атқарған жарқын істері көпке үлгі.
Қадірлі жерлестер! Достық пен татулық, ынтымақ пен бірлік мерекесінде отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Әлемде баянды бейбітшілік орнасын, халқымыздың ырыс-несібесі арта берсін! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев