Қанат Шарлапаев зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлер құрылысының барысын жеке бақылайтын болады

Қанат Шарлапаев зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлер құрылысының барысын жеке бақылайтын болады

Ақтөбе облысына сапары барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа тұрғын үй салу үшін әкімдік тарапынан бөлінген жер телімдерінің жағдайын тексерді.

​Әкімдіктің мәліметінше, облыста 436 дайын жер телімі бар, оның ішінде Ойыл ауданында – 321, Қобда ауданында – 77, Әйтекеби ауданында – 22, Темір ауданында – 10, Ақтөбе қаласында – 6.