Аудандық мәслихаттың алғашқы сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың алғашқы сессиясы өтті

      2023 жылдың 30 наурызында Қобда аудандық мәслихатының бірінші сессиясы өтті.

      «Қобда аудандық мәслихаты депутаттары сайлауының  қорытындылары туралы»  аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Оразова хабарлама жасады.

     Сессия жұмысына аудан әкімі Болат Ахметұлы Қулов және  орынбасарлары қатысты. Сессияға ауданның құқық қорғау органдарының және аудандық мекемелердің басшылары, ауылдық  округтердің әкімдері  шақырылды.

     Жаңадан сайланған халық қалаулыларына депутаттық куәліктер  мен  төсбелгі тапсырылды.

     Қобда аудандық мәслихатының төрағасы болып  депутат  Жанболат Қанатбайұлы Ерғалиев сайланды.