Азаматтарға заңсыз ойын бизнесі туралы жадынама

Азаматтарға заңсыз ойын бизнесі туралы жадынама

Азаматтарға заңсыз ойын бизнесі туралы жадынама

ҚР «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 Заңымен казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданынан басқа, казино мен ойын автомат залдарын ҚР барлық басқа аумақтарында орналастыруға тыйым салынады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабына сәйкес ойын мекемесін заңсыз ұстағаны немесе ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастырғаны, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар бергені, немесе заңда белгіленген орындардан тыс құмар ойындарды ұйымдастырғаны және өткізгені, не ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

ҚР Ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 445-бабы).

Кейбір "казинолар" азаматтарға құмар ойындарға қатысуға мүмкіндік беретін интернет-клубтар ретінде жасырылады. Ойын мекемелері иелерінің тағы бір айласы - ойын автоматтарынан сыртқы жағынан ерекшеленбейтін лотерея өткізу үшін техникалық құралдарды орнату.

Егер Сіздің үйіңізде, көп қабатты үйлеріңіздің кіреберісінде орналасқан ойын мекемелері туралы, заңды бұзушылар туралы ақпаратыңыз болса, Сіз қаржылық мониторинг органдарына аталған ақпаратты кейіннен тексеру және құқық бұзушыларға қылмыстық жауапкершілік шараларын қолдану үшін хабарлай аласыз.

Хабарлама !

Ойынға тәуелділік кез келген өзгеде ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Бұл психиканың бұзылуымен, қылмыспен, тіпті суицидпен аяқталуы мүмкін. Құмар ойындар балаларды да, ересектерді де аямайды. Тіпті қарт адамдар да құмар ойыншыларға айналады және өмірін аштық пен кедейлікпен аяқтайды.

Мұны балаларыңызға, туыстарыңызға және таныстарыңызға түсіндіріңіз.

Бей-жай қарамаңыз, сіздің уақтылы әрекеттеріңіз заңсыз әрекеттердің алдын алуға көмектеседі.