Төтенше жағдай мен су тасқынының алдын алу мақсатында ауданда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ауданның барлық елді мекендерінде тәулік бойына кезекшіліктер ұйымдастырылды. Су басу қаупі бар аумақтарды бақылауға алып, қар шығару, елді мекен ішін қар суынан тазарту мақсатында 20-ға жуық техника жұмылдырылды.
Тиісті қызметтердің көмегімен еріген қар суын шығарып, көшелерді қардан тазарту жұмыстары жалғасуда.