Қайтыс болу туралы куәліктің орнына жүретін хабарлама

Қайтыс болу туралы куәліктің орнына жүретін хабарлама

Қайтыс болуды тіркеу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы жергілікті атқарушы органдар (АХАТ органдары), сондай-ақ egov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің бір түрі.

Қайтыс болуды тіркеу «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 268-бабына сәйкес қайтыс болуды тіркеу медициналық қайтыс болу туралы куәліктің және соттың заңды күшіне енген фактісін анықтау туралы шешімінің негізінде тіркеледі. Жақынынан айырылған азаматтар үшін оңтайландырылған процесс арқылы қамтамасыз етілген  «Қайтыс болғаны туралы хабарлама алу» қызметі 2020 жылдың қазан айынан бастап іске қосылды.       Келесі талаптар алынып тасталды: азаматтардың қайтыс болғаны және перинаталдық өлім туралы қағаз түріндегі медициналық анықтамаларын беру, қайтыс болуды тіркеген кезде қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжатты және әскери билетті міндетті түрде ұсыну. Сонымен қатар, қайтыс болған адамды жерлеу, жерлеуге біржолғы төлем тағайындауға, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алу, мұрагерлікті ресімдеу және өзге де қызмет түрлеріне, азаматтардың қайтыс болғаны туралы куәліктерді қағаз түрінде ұсынуы.      

 Сонымен қатар, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы электрондық хабарламаларды тексеру «Электрондық үкімет» порталы арқылы алуға болады.      

Қайтыс болу туралы медициналық анықтама автоматты түрде қайтыс болған жер бойынша АХАТ ақпараттық жүйелеріне түседі. Тіркеуші органның қызметкері түскен қайтыс болу туралы электрондық медициналық хабарламаның негізінде қайтыс болу туралы акт жазбасын тіркейді.       Тиісті ақпарат мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арасында автоматты түрде интеграцияланған (біріктірілген), қайтыс болуды растау үшін «Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаны» көрсету жеткілікті.      

Бұл қызметті алу барысында авторизациялау үшін ЭЦҚ және қайтыс болған адамның ЖСН нөмірі қажет. Құжатты растау қажет болған жағдайда, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы осы хабарламаны «Электрондық үкімет» порталы (www.egov.kz) арқылы, «ОТБАСЫ» - «ОТБАСЫ ЖАҒДАЙЫ» бөлімінде, «Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама» қызметі арқылы өтініш беру жүзеге асырылады. Өтінішті толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қойғаннан кейін нәтижені www.egov.kz сайтындағы пайдаланушының жеке кабинетінен білуге ​​болады.

Егер де «Электронды үкімет» порталынан бас тарту жөнінде хабарлама келсе, демек деректердің немесе қайтыс болу туралы жазбаның болмауы мүмкін.