«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы

1 қыркүйек күні Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады.

Бүгін ауданда Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының тармақтарын талқылау мақсатында аудан әкімі Б.Кулов кеңейтілген отырыс өткізді.

Жиында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтары туралы айтып, әлеуметтік дамудың жаңа сатысына және халықтың әл-ауқатын күшейтуге қатысты саясатына сай 5 маңызды бағдары бойынша атқарылатын шараларды баяндады.

Жиын жұмысына аудандық мекемелер басшылары, ауылдық округтер әкімдері, құқық қорғау саласының басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл ақсақалдары, полиция қызметкерлері, медиаторлар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, жиында аудандық ақсақалдар Кеңесінің төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, аудандық білім бөлімдерінің, аудандық кірістер басқармасының, аудандық орталық аурухананың, «Ерасыл-Н» мүгедектерді қолдау ҮЕҰ-ның басшылары өз салалары бойынша Жолдаудың әр бөліміне жеке-жеке тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жасады. Сондай-ақ «Үміт Нұры» еріктілер тобының жетекшісі А.Біләлов сөз алып, жастарға жасалатын қамқорлықтар жаңа серпін бергенін айтты.

Бүгінгі Активте Жолдауда берілген тапсырмаларды орындау бойынша міндеттері айқындалып, жаңа міндеттер жүктелді.