«Абзал жандар» атты медицина қызметкерлері күніне орай мерекелік шара өтті

«Абзал жандар» атты медицина қызметкерлері күніне орай мерекелік шара өтті

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде Халықаралық медицина қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесіне арналған iс-шара өтті.

Шараға аудан әкімі Болат Ахметұлы Кулов қатысып, ақ халатты абзал жандарды мерекелерiмен құттықтап, бірқатар қастерлі мамандық иелерін марапаттады.

Сонымен қатар аудандық ауруханамен өзара ынтымақтастық қарым-қатынастағы бөлім басшылары медицина саласының қызметкерлерін құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады. Әрi қарай салтанатты мерекелік шара аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, жиналғандар дәрiгерлерге алғыстарын бiлдiрiп, ризашылықтарын айтты.