Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бірінші вице – министрі келді

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бірінші вице – министрі келді

Ауданымызға арнайы іс сапармен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бірінші вице – министрі Каринова Шолпан Таңатқызы мен облыс әкімінің орынбасары Елеусінова Бұлбұл Ораққызы келді. Аудан әкімі Болат Ахметұлы Кулов аудандағы білім саласындағы жаңашылдықтардан хабардар етті. Алдымен И. Тайманұлы атындағы гимназияны аралап, робототехника, it сыныптың жұмысымен танысып, оқушылардың қолөнер бұйымдарын көрген вице-министр жерлесіміз, белгілі меценат И.Т.Салжановтың демеушілігімен салынған «Нұрлы болашақ» балабақшасының қызметімен танысты.

Талдысай ауылына сапар барысында орта мектептің материалдық-техникалық жабдықталуын қарап, Әлия ауылында «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының мұражайын аралап, өзінің жүрекжарды тілегін қалдырды. Іс сапар қорытындысы бойынша Шолпан Таңатқызы білім саласындағы инновацияларды жоғары бағалап, алдағы уақытта да министрлік тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатынын айтты.