9 мамыр Жеңіс күні

9 мамыр Жеңіс күні

Бүгін 9 мамыр Жеңіс күніне орай аудан орталығындағы "Мәңгілік ел" саябағындағы "Батырлар алаңына" аудан әкімі Б.А.Кулов аудандық Ардагерлер Кеңесінің мүшелері мен аудандық Қоғамдық Кеңестің мүшелері және бірқатар офицерлердің, мекеме басшыларының қатысуымен гүл шоқтарын қойып, патриоттықтың жарқын үлгісін көрсеткен жерлестерімізге тағзым етті.

Бұл шара ауданымызға қарасты ауылдық округтерде де жалғасын тауып, жас волонтерларымыз қазақстандық жеңіс лентасын тарату акциясын ұйымдастырды.

Сонымен қатар, аудан басшысы Қобда, И.Білтабанов  ауылдарындағы 70, 75, 80 жасқа толған қарттарымызды мерейлі туған күндерімен құттықтап, естелік сыйлықтар тарту етті. Саналы ғұмырын еңбекке арнап, бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған ардагерлеріміз баталарын беріп, ризашылықтарын білдірді.