Ұранды елдің ұрпағы қайсар

Ұранды елдің ұрпағы қайсар

Бүгін, ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығы мен 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай "Ұранды елдің ұрпағы қайсар" атты мерекелік іс шара өтті. Шара барысында тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы айбынды әскеріміздің және Жаңа Қазақстанның іргесі берік болу үшін қазақстандық патриотизмді дамытудың рөлі жөнінде әуезді әндер шырқалып, театрландырылған қойылымдар қойылды.

Аудан әкімі Б.А.Кулов отан қорғаушы азаматтарымыздың құрметіне арналған концерттік бағдарлама аясында аудан тұрғындарын мерекелерімен құттықтап, бірқатар нәтижелі еңбегімен үлгі болған құқық қорғау, шекара, қорғаныс істері бөлімінің қызметкерлерін марапаттап, естелік сыйлықтар тарту етті.