Тууды тіркеу туралы өтініш беру

Тууды тіркеу туралы өтініш беру

Сәбидің дүниеге келуі – әр отбасы үшін маңызды және бақытты оқиғалардың бірі. Сәбидің дүниеге келуімен ата-ана үшін көптеген жағымды шаруалар да пайда болады, олардың бірі – баланың ең алғашқы құжатын – туу туралы куәлігін рәсімдеу. Баланың туу туралы куәлігін арнайы уақыт бөліп ХҚКО-ға бармай, үйден шықпай қалай рәсімдеуге болады? Бүгінгі айдарда баланың тууын онлайн тіркеудің тәсілдері туралы айтып өтеміз.

Онлайн тууды тіркеуге өтініш берудің 2 тәсілі бар.
1. SMS-хабарлама арқылы проактивті түрде.
2. egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы

1. «Проактивті қызметтің» арқасында SMS-хабарлама арқылы бір уақытта баланың тууын тіркеуге, балабақшаға кезекке тұрғызуға және баланың тууына байланысты жәрдемақылар рәсімдеуге өтініш беруге болады.
Мобилді азаматтар базасында тіркелген болу маңызды.
Бала туылғаннан кейін бір тәулік ішінде қадам бойынша қажетті деректер сұратылған SMS хабарлама келеді. Әр сұраққа нақты және қатесіз жауапты жедел түрде жолдап отыру қажет. Тәсілді екі күннен астам уақытқа созбаған дұрыс, өйткені, қызмет бала туылғаннан кейін 3 күн ішінде көрсетіледі. Барлығы ақысыз түрде көрсетіледі, бар болғаны ұялы телефоныңызда қажетті баланс болу керек.
Егер де қандай болсын сұраққа жауап бермесеңіз, немесе жауап дұрыс болмаса, сізге қызметті әрі қарай алу үшін ХҚКО-ға бару қажеттігі туралы хабарлама кезеді.
2. Егов электрондық үкіметі порталы арқылы баланың тууын тіркеуге өтініш беру үшін «Азаматтарға» деген бөлікке кіріп, «Отбасы» «Бала» деген бөлімшелерді таңдау керек. Кейін, «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» бөлімшесін таңдау керек.
Ашылған өтінімде барлық жолдарын толтырып, ЭЦҚ (электрондық цифрлік қолтаңбамен) немесе смс-парольмен қол қою қажет.
Қызметтің көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні.
егов порталындағы жеке кабинетте («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде/ өтінім жібергеннен кейін 1 тәулік ішінде түсетін сіздің өтінімнің дайындалу барысы туралы хабарламамен танысуға болады.

Хабарламада көрсетілген уақытта АХАТ бөліміне келіп, дайын болған баланың туу туралы куәлігін алып кету қажет (екі жағдайда да).
Дайын болған баланың туу туралы куәлігін ата-анасының біреуі немесе сенімхат бойынша басқа адам ала алады.

Онлайн бәрі оңай және тез!