Құрметті қобдалықтар!
Баршаңызды Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір жылды шығарып салар тұста өткенді ой елегінен өткізіп, жарқын жаңалықтарды, ерекше оқиғаларды еске аламыз, жылды қорытындылап, алдымызға жаңа жоспарлар мен үлкен мақсаттар қоямыз.
Биылғы жылы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында әр салада жоғары жетістіктерге қол жеткіздік. Келесі жылы да атқаратын міндеттеріміз бен мақсаттарымыз айқын. Халқымызда «Елу жылда ел жаңа» деген қанатты сөз бар. Осы жылдар ішінде елдің даму көшінде қобдалықтардың да өзіндік орны бар. Аудан тұрғындарының ерен еңбектерінің нәтижесінде ауданның әлеуметтік-экономикалық бағыттары қарқынды дамып келеді. Халық игілігіне арналған әлеуметтік, инфрақұрылымдық, спорттық нысандар беріліп, халқымыздың тұрмыс сапасы жақсарды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, осы жетістіктеріміз берекелі бірлігімізбен бірлесе атқарған еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдеміз.
Ардақты ағайын!
Жаңа жылды әр адам үкілі үмітпен, ізгі ниетпен және ақ тілекпен қарсы алады. Келер жыл жағымды жаңалыққа, қуанышты сәттерге толы болсын!
Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, ден-
деріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға құт-береке,
ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!
Аудан әкімі Болат Кулов