Төртінші деңгейлі бюджет туралы

Төртінші деңгейлі бюджет туралы

 

Қобда ауданы қарқынды дамып келеді. Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жыл санап оң нәтижелерді көрсетуде. Ауданның дамуы -  ауылдық округтердің дамуы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «100 нақты қадам» бағдарламасының  98-қадамында «Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады. Облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейді» деп көрсетілген.

2018 жылдың 1 қаңтарында Қобда ауданы бойынша халық саны 2000 адамнан астам Қобда ауылдық округінде төртінші деңгейлі бюджеті бекітілсе, 2020 жылдың 1 қаңтарынан төртінші деңгейге барлық ауылдық округтер өтті.

Дербес бюджеттің енгізілуі ауылдық округтердің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтуге және өз бюджетіне тікелей салық алу арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде жергілікті өзін–өзі басқарудың рөлін күшейтуге мүмкіндік берді.

Осылайша, төртінші деңгейдің дербес бюджеттері халықтың елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (Мысалы, үстіміздегі жылы жергілікті бюджет есебінен Қобда ауылы Алтынсарин көшесіндегі саябақты абаттандыру және көше бойына тротуарлар орнатылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді) автожолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау (Қобда ауылында Абай, И. Білтабанов, Көпжасаровтар, И. Білтабанов ауылында Астана, Бестау ауылында Астана, Талдысай ауылында Абат Байтақ, Ә.Молдағұлова көшелері жөндеуден өтті), елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру және көшелерге жарық орнату (Талдысай ауылындағы Абат Байтақ, И. Білтабанов ауылындағы Астана, Егіндібұлақ ауылындағы Астана көшелеріне жарықтандыру жүргізілді) және т.б. жөніндегі қажеттіліктерін ескере отырып, бюджет қаражатын неғұрлым тиімді жоспарлауға және пайдалануға мүмкіндік беріп, адамдардың өмір сүру жағдайларын және елді мекендердің сыртқы келбетін жақсартуға ықпал ететін болады.

Ауданымызда ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту мақсатында  «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы және облыс әкімі О.С. Оразалиннің «Нақты іс –шаралары айқындалған ауылдарды дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу» тапсырмасына сәйкес, «ABATTANDYRYLǴAN AÝYL» облыстық пилоттық жобасы іске қосылды. Осы орайда, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының аясында Қобда және И. Білтабанов атындағы ауылдарда елеулі жұмыстар жүргізілді: дәрігерлік амбулатория құрылысы, ауылдық клуб ғимаратын күрделі жөндеу, ауылішілік көшелерді жөндеу және жарықтандыру.

Келесі жылы аталмыш жобалар аясында Ақырап ауылының 3 көшесінің автомобиль жолдарын және ауылдық клуб ғимаратын жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

Бюджеттің жаңа деңгейі салықтық және салықтық емес төлемдерден түсетін түсімдер есебінен қалыптасатынын атап өткен жөн:

- төлем көздерінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы;

 - жеке тұлғалардың мүлік салығы ;

- жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы;

- елді мекендердің жерлеріне жеке және заңды тұлғалардан алынатын жер салығы;

- аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар;

- коммуналдық меншіктің мемлекеттік мүлкін жалға беруден;

 - жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдары;

- коммуналдық меншікті сатудан түскен кірістер, сондай-ақ аудандық бюджеттен берілетін трансферттер.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Бюджеттік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты ауылдық округ бюджетінің түсімдері  4 салық түрімен толығатын болады :

  • бірыңғай жер салығы;
  • ауылдық округ аумағындағы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем;
  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
  • жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем.

Осыған орай, аудан тұрғындарын салықтық және салықтық емес төлемдеріңізді жүргізу барысында өз ауылдық округтеріңіздің кодтарына түсіруге мұқият болуыңызды сұраймыз.

Қобда ауданы бойынша ауылдық округтердің кіріс кодтары

 

Ауылдық округтің атауы

Код

1

Ақырап а/о

061502

 Ақырап ауылы

2

Бегалы а/о

061503

Бесқұдық ауылы

3

Бестау а/о

061504

Бестау ауылы

4

Бұлақ а/о:

061505

Әлия ауылы

Бұлақ ауылы

5

И. Құрман атындағы а/о:

061506

Бегалы ауылы

Егіндібұлақ ауылы

6

И. Білтабанов атындағы а/о:

061507

И. Білтабанов ауылы

Қосөткел ауылы

Байтақ ауылы

7

Жарсай а/о:

061508

Жарсай ауылы

Ақсай ауылы

Қарағанды ауылы

8

Жарық а/о:

061509

Жарық ауылы

Қанай ауылы

Ортақ ауылы

Жаманкөл ауылы

9

Жиренқопа а/о

061510

Жиренқопа ауылы

10

Қызылжар а/о:

061511

Қызылжар ауылы

Қаракемер ауылы

11

Өтек а/о:

061512

Өтек ауылы

Қиыл ауылы

12

Сарбұлақ а/о

061513

Сарбұлақ ауылы

13

Қобда а/о:

061514

Қобда ауылы

Құрсай ауылы

14

Сөгәлі а/о:

061515

Көк үй ауылы

Қоғалы ауылы

Сөгәлі ауылы

15

Терісаққан а/о:

061516

Терісаққан ауылы

Жаңаталап ауылы

16

Талдысай а/о

061517

Талдысай ауылы

                                                                                  Қобда ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі