Қобда - 30 үздік ауыл қатарында

Қобда - 30 үздік ауыл қатарында

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Конституция залында "30 үздік ауыл" анықтамалық кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға Қобда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.С.Қабылов қатысты.

Еліміздің 17 өңірінің ішіндегі ең үздік 30 ауылдың тізіміне сүйікті, құт қонған, батырлар мен аңыздар шыққан қасиетті мекеніміз Қобда ауылы да енді.

Биылғы жылы мәресіне жеткен жобаның жалғасы ретінде келесі жылы елордада "Ауылдар аллеясы" жасақталып, сол жерде Қобда елді мекені де бейнеленбек.