Тал көшеттерін егу акциясы

Тал көшеттерін егу акциясы

Бүгін жалпыаудандық күзгі тал көшеттерін егу акциясы өтті. Акция аясында аудан орталығындағы А.Иманов көшесінің бойына аудан әкімі Б.Куловтың бастамасымен аудандық Ардагерлер Кеңесінің мүшелері және волонтер жастардың қатысуымен 80 тал көшеті отырғызылды. Алдағы апталарда осы көшенің бойына 160 тал көшеті қосымша егіледі.

Өткен аптадан бастап Әлия, Бестау, И.Білтабанов ауылдарынан бастау алған акция алдағы уақытта ауданның барлық елді мекендерінде жалғасын табатын болады.