Футбол турнирі

Футбол турнирі

Бүгін Сарбұлақ ауылындағы жаңадан салынған спорт алаңында футболдан ардагер спортшылардың арасында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған турнир өтті. Шараның ашылу рәсімінде аудан әкімі Б.Кулов спорт ардагері Б.Шукаев бастаған ардақты ағаларымызға алғыс білдіріп, жас спортшыларға сый-сияпаттар тарту етті.

Сарбұлақтағы теңбіл доп додасына Ақтөбе қаласы мен Мәртөк аудандарының командалары арнайы келіп қатысты. Ауданымыздың спорт саласының дамуына елеулі үлес қосқан ардагер спортшы ағаларымыздың бастамасы алдағы уақытта аудан, облыс орталығында жалғасын табады.