Ұстаз - ұлы есім

Ұстаз - ұлы есім

Халықаралық ұстаздар мерекесі қарсаңында "Ұстаз - ұлы есім" атты шара ұйымдастырылды.

Шараға аудан әкімі Кулов Болат Ахметұлы, ардагер-ұстаздар, ауданның педагогтері қатысты. Білім беру саласындағы ерен еңбектері үшін ардагер-ұстаздарға аудан әкімі атынан алғыс хаттар табысталды.

Сонымен қатар бірнеше ұстаз нәтижелі еңбегі үшін облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімінің құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.

Педагог қызметкерлердің аудандық кәсіподақ ұйымы марапатталушыларға бағалы сыйлықтар табыстады.